Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Жеңістің 80 жылдығына орай монеталар шығады Фото:nationalbank.kz

Ұлттық банк "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан Ұлы Жеңіс. 80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясынан Ұлы Жеңіс. 80 жыл коллекциялық монеталарын айналымға шығарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Номиналы 200 және 1000 теңгелік монеталар Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай шығарылғалы отыр.

"Монеталарда ерлікпен қаза тапқан қаһармандарды еске түсіретін мәңгілік алау көрініс тапқан. 80 санындағы ою-өрнек жеңіс лентасын бейнелейді және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндеседі", - деп жазылған хабарламада.

Номиналы 1 000 теңгелік монета алтын жалатылған 925 сынамалы күмістен жасалған, таралымы – 2 000 дана.

Номиналы 200 теңгелік монеталар Қазақстан Республикасының аумағында қолданыста бар монеталармен бірге еркін айналымда болады.

nationalbank.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети