Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдар қорының учаскесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдар қорының учаскесі табылды Midjourney нейронжелісі арқылы жасалған

Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдардың перспективалы аумақтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жерде сирек кездесетін металдардың перспективалы аумақтары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында Қазақстандағы жерде сирек кездесетін металдарды геологиялық барлаудың перспективалы учаскелері туралы мәлімдеді.

Ол сирек кездесетін металдар саласын дамытуға бағытталған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу аясында 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

"Бүгінде жерде сирек кездесетін металдар қоры шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің болашағы туралы деректер бар", — деді Қанат Шарлапаев.

Сондай-ақ, министрлік мәліметінше, жерде сирек кездесетін металдарды барлауды – Cove Capital және HMS Bergbau сияқты жеке компаниялар жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети