Қазақстанда жерлеу қызметі қымбат тұратын өңірлер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазақстанда жерлеу қызметі қымбат тұратын өңірлер анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, қазан айының соңындағы көрсеткіш бойынша қайтыс болған адамды жерлеу қызметінің құны Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды облыстары мен Алматыда жоғары болып шықты. Ақтөбе облысының орталығында бұл қызмет түрі 41 206 теңге болса, Көкшетауда - 39 686 теңге. Қарағандыда марқұмды жерлеу құны - 34 760, Алматыда - 34 540 теңге.
Жезқазғанда қайтыс болған тұрғындарды жер қойнына тапсыру үшін 28 173 теңге, Ақтауда 27 126 теңге төлеу қажет. Солтүстік Қазақстан облысының орталығында бұл қызмет 24 687 теңге, Қостанай облысында 22 978 теңге тұрады.
Республикамыздың көп өңірінде жерлеу қызметі құны 20 мың теңге шамасында. Қызметтің бұл түрі ең арзан өңірлер қатарына оңтүстіктегі облыс орталықтары кіреді: Қызылордада – 8 500 теңге, Шымкентте - 8 165 теңге, Таразда - 5 020 теңге.