Қазақстанда жоғалған затты тауып алғандарға жаза қарастырылған ба? ІІМ жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жоғалған затты тауып алғандарға жаза қарастырылған ба? ІІМ жауабы Фото:depositphotos.com

Желіде енді Қазақстанда жоғалған заттарды тапқандарды жазаға тартуға болатыны туралы ақпарат тарады. Жоғалған ақшаны тапқан адамға "ұрлық" бабы бойынша айып тағылуы мүмкін екен-міс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде енді Қазақстанда жоғалған заттарды тапқандарды жазаға тартуға болатыны туралы ақпарат тарады. Жоғалған ақшаны тапқан адамға "ұрлық" бабы бойынша айып тағылуы мүмкін екен-міс, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Хабарламада көшеде немесе қоғамдық жерде ақша, әмиян, ұялы телефон тауып алған адам жағдайдың қайда және қалай болғанын видеоға түсіруі керек, содан кейін полицияға хабарласып, оның келуін күтуі керек делінген.

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі №8 "Бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену жөніндегі істер бойынша сот тәжірибесі туралы" қолданыстағы нормативтік қаулысының 2-тармағына сәйкес, тауып алынған немесе кінәлі адамның қолына кездейсоқ түскен бөтен мүлікті иеленіп алуды бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену ретінде қарауға болмайды.

Осыған орай, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген ведомствоның ресми жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети