09 сәуір 2015 20:06

Қазақстанда жол апаты ең көп болатын аймақ анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nashisumy.com.ua © nashisumy.com.ua

Қазақстанда жол апаты ең көп болатын аймақ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанда жол апаты ең көп болатын аймақ анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың бірінші тоқсанында болған барлық жол-көлік оқиғасының 30 пайызы Алматы қаласының еншісінде. Жол апатының салдарынан жарақат алғандардың саны бойынша да Алматы алдыңғы қатарда тұр. Дегенмен, бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

"Алматыда 2015 жылы жол-көлік оқиғалары азайды, бірінші тоқсанда барлығы 1 163 жол апаты тіркелген. Алайда апаттылығы аз Солтүстік Қазақстан болып отыр, онда 44 жол-көлік оқиғасы болған. Алматы жол апатының салдарынан жарақат алғандар саны бойынша да алдыңғы орында, бірақ мұндағы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда төмендеген, былтырғы көрсеткіш 1531 болса, биылғы - 1386", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статитиска және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша 2015 жылдың 3 айында 2014 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 3 пайызға төмендеген. Еліміздің жолдарында 3 686 жол-көлік оқиғасы болып, онда 5 112 адам жарақат алған, ал өткен жылдың 1-тоқсанында 3 872 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 5 111 адамның денсаулығына зақым келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети