Қазақстанда жол апаты күрт көбейген: зардап шеккендер саны екі есеге жуық өскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жол апаты күрт көбейген: зардап шеккендер саны екі есеге жуық өскен Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанның бірнеше өңірінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, сонымен қатар, жол апаты көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бірнеше өңірінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс, сонымен қатар, жол апаты көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ақтөбе, Атырау, Павлодар және басқа да өңірлерде жасөспірімдер қылмысы көбейіп отыр. Профилактикалық шараларды күшейтуді, антибуллинг бағдарламаларының тиімділігін зерделеуді тапсырдым", - деді ол.

Сонымен қатар, Берік Асылов қоғамдық орындардағы қауіпсіздікке, жол апаты көбейгеніне ерекше назар аударды.

"Қауіпті учаскелерді бейнекамералармен және жарықпен жабдықтап, патрульдеуді күшейту қажет. Жол апаты күрт өсуі де алаңдатады: бір жылда +67%, жарақат алғандар +79%. Атырау, Қостанай, Ақтөбе, Жетісу облыстарында жағдай күрделі. Апаттардың 72%-ы тасжолдарда. Жүргізушілердің еңбек тәртібін бақылау, бала тасымалдау ережелері сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды", - деді Бас прокурор.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.55   555.73   5.81 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети