Қазақстанда жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза күшейтілді. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда кейбір жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жаза күшейтілді. Бұл туралы Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қатаң шаралар жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан немесе одан да көп арттыруға қатысты, ол үшін енді 40 АЕК көлемінде айыппұл салынып жатыр.

"Қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген, ал егер бұл әрекеттер жол апатына әкеп соқса, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы көзделген. Енді қарсы жолаққа шығу жол апатына әкеп соқса, бұл үшін жүргізушілер 9 айға жүргізуші құқығынан айырылады", - деді Сұлтанбаев.

Сонымен қатар, 13 наурыздан бастап көлік қозғалысы кезінде түсіргені үшін 10 АЕК айыппұл салынады. Бұл жауапкершілік жолаушыға да, жүргізушіге де бірдей болады.

"Жедел және арнаулы қызметтердің (598-бап) қозғалысына артықшылық бермегені үшін де жауапкершілік күшейтілді, айыппұл 7-ден 20 АЕК-ке дейін, ал қайталанған жағдайда 15-тен 40 АЕК-ке дейін ұлғайтылды", - деді Сұлтанбаев.

1 қаңтардан бастап интернет платформа иелері бақылайтын жеке тасымалдаушыларға қойылатын жаңа талаптар да күшіне енді.

Олар мына нәрселерге міндетті:

  • қызметін бастағаны туралы әкімдіктерге хабарлау;
  • күнделікті рейс алдындағы және рейстен кейінгі физикалық тексерістен өту;
  • көлікті күнделікті техникалық тексерістен өткізу;
  • еңбек және демалыс режимін сақтау.

Бақылау интернет платформалардың иелеріне (Яндекс, Индрайвер және басқаларына) жүктеледі.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кеткен оқиғадан кейін автобус жүргізушісі жауапқа тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети