05 ақпан 2024 | 14:50

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жол қауіпсіздігін бақылау шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда "Қауіпсіз жол" республикалық іс-шарасы басталды. Мақсаты – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ЖҚЕ кез келген бұзушылықтарына "мүлдем төзбеушілік" қағидатын нығайту.

"Патрульдік полиция бүгіннен бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Республикалық жолдарда да қызмет күшейтілді. Іс-шара кезінде күн сайын жол қауіпсіздігін 7 мыңнан астам патрульдік полиция қамтамасыз етеді, оның ішінде 1,5 мыңнан астам полицей – қала сыртындағы автожолдарда", - делінген хабарламада.

Осы күндері қауіпсіздік белдіктерін тағуға, балаларды ұстайтын құрылғыларды пайдалануға, көлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жүру ережелерін сақтауға ерекше назар аударылады.

"Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жол қозғалысына қатысушылардан ЖҚЕ талаптарын қатаң сақтауды, ауа райының нашарлауы кезеңінде ерекше тәртіпті болуды және елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз", – деді ІІМ өкілдері.

Іс-шара осы жылдың 29 ақпанына дейін жалғасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети