Қазақстанда жол қозғалысы ережелері өзгереді: жүргізушілерге нені білу керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жол қозғалысы ережелері өзгереді: жүргізушілерге нені білу керек? Фото:depositphotos.com

10 қарашада жол ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер 23 қарашадан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

10 қарашада жол ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл өзгерістер 23 қарашадан бастап күшіне енеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүк көліктері

Елдімекендерде жүк көліктерінің жылдамдығы сағатына 50 шақырымға дейін шектелді. Бұл шектеу жол белгілерімен нақты жылдамдық көрсетілген учаскелерге қолданылмайды (мысалы 80-90 шақ/сағ). БҰҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жылдамдық 60-65 шақ/сағ болғанда жаяу жүргіншінің қаза болу ықтималдығы 50 шақ/сағ-пен салыстырғанда 4,5 есеге жоғары.

Колонналарға қатысты

Боран, тұман, қар, жаңбыр кезінде жол апаттарының алдын алу мақсатында патрульдік көлік ілесіп жүретін колонналарға қатысты талаптар да жаңартылды: колонна ішінде маневр жасауға, басып озуға немесе өздігінен тоқтауға тыйым салынады; көлік тізбегіндегі көлік саны 10-нан асса, екі патрульдік көлік ілесіп жүру міндетті.

Автобустар

М2 және М3 санатындағы барлық автобусқа жолаушыларды отырғызу және түсіру үшін аялдамаларда тоқтауға рұқсат етілді.

Маяк қолдану бойынша

Ірі көлемді және қауіпті жүктерді, велосипедшілерді, сондай-ақ, балаларды тасымалдайтын автобустарды алып жүру кезінде жылдам алынатын бекітпесі бар, қызғылт сары немесе сары түсті құралдарды рұқсатсыз қолдануға болады. Бұған дейін мұндай маяктарды пайдалану үшін рұқсат құжаттарын алу, қайта жабдықтау рәсімінен өту және техникалық куәлікке белгі енгізу талап етілетін.

Сондай-ақ, жол парағын электрон түрде қолдануға рұқсат берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети