Қазақстанда жол қозғалысы ережеcін бұзғандарға салынатын айыппұлдың көлемін азайту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікір бүгін Астанада Бас прокуратура ұжымының отырысы кезінде айтылды.
Қазақстанда жол қозғалысы ережеcін бұзғандарға салынатын айыппұлдың көлемін азайту ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай пікір бүгін Астанада Бас прокуратура ұжымының отырысы кезінде айтылды.
"Айыппұлды өсіру жол қозғалысы ережесін бұзушылықтың азаюына әкелмейді. Әкімшілік жазаны қайта қарауға үш себеп бар. Біріншіден, елдің кірісі азайды - бұл экономикалық жағдайға байланысты. Екіншіден, 2001 жылдан бері кейбір айыппұлдардың көлемі 25 есеге - 15 мыңнан 396 мыңға дейін өсті, сонымен қатар, ай сайынғы орташа жалақы жеті есе өсті - 17 мыңнан 124 мыңға дейін", - деді Бас прокуратура өкілі Әсет Шындалиев.
Ол Бас прокуратура басқа елдердің тәжірибесін зерттегенін айтты. Батыс елдері мен Ресейде жол қозғалысы ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі аз болып шықты. Шындалиев нақты деректер келтірді.
"Жылдамдықты асырғанға салынатын айыппұлдың ең жоғарысы Люксембургте 45 мың теңге, Ресейде 22 мың болса, Қазақстанда 80 мың теңге. Бұл есепшінің жалақысына немесе күзетшілер мен жүргізушілердің екі айлық жалақысына тең", - деді Әсет Шындалиев.
Сонымен қатар, Әсет Шындалиев жол ережесін бұзғандардың айыппұлды дереу төлемейтінін айтты. "Ең жоғары айыппұл - 396 мың теңгені 100 адамның 17-сі ғана төлейді. Бұл өте өрескел ереже бұзушыларға - мас жүргізушілер мен жүргізуші куәлігі жоқтарға салынатын айыппұл. Оларды қамауға алуға да болмайды. Айыппұл көлемі үлкен болған сайын оны төлеу ықтималдығы азаяды", - деді Шындалиев.
Кеңейтілген отырыста Бас прокуратураның бірінші департаментінің басшысы Қанат Сейдғапбаров жол қозғалысы ережесін бұзандарға салынатын айппұл көлемін қайта қарау туралы ұсыныс қаралатынын айтты.
"Шешім жобасын дайындадық. Ол таныстырылады. Расталған жағдайда уәкілетті органдарға жіберіледі. Кейін біз бұл ұсынысқа заң шеңберінде бастамашылық етеміз. Бұл жақын уақытта болады", - деді ол.