2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасында жолаушыларды тасымалдау, жүк пен жолжүкке қатысты жаңа Ереже күшіне енеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасында жолаушыларды тасымалдау, жүк пен жолжүкке қатысты жаңа Ереже күшіне енеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Ережеге сәйкес, жолаушылар пойызында жүк пен жолжүк туралы ақпараттар міндетті түрде мультимедиялық құралдар арқылы жеткізілетін болады. Атап айтқанда, пойыз бағытының кестесі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, пойыздың бағдар бойынша тоқтау бекеттері туралы, қызмет көрсету, жолаушылар пойызындағы негізгі жағдайлар туралы, ойын-сауық бағдаламаларын біліп отыру қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, жол жүру құжаттарын (билеттерді) сататын интернет-ресурстарда пойыздың сапалық сипаттары туралы өзекті мәлімет ұсынылады. Осыған байланысты әр жолаушы билет сатып алмас бұрын пойыздың сапалық деңгейіне мән беріп, алдын ала пойыз жайында ақпарат ала алады.
"2016 жылдың 6 айында жолаушылар тасымалының айналымы 4 пайызды құрап, 356 миллион жолаушы-шақырымға артқан, жолаушыларды тасымалдау өсімі 2 пайызды құрап, 216,6 мың жолаушыға артқан. Сонымен бірге, электронды тәсілмен 6 айда 7,06 миллион жолаушы билеті сатылған. Бұл барлық орташа жылдық сатылымның 31 пайызын құрайды", - деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері.