Қазақстанда ЖСН алу тәртібі өзгереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ЖСН алу тәртібі өзгереді Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу тәртібін өзгертуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ "Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру және түзету "Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрықты талқылауға шығарды.

Министрлік бастама жасаған жаңа ережелерге сәйкес шетелдіктер ЖСН-ды электрондық үкімет порталы арқылы ресімдей алмайды. ЖСН рәсімдеу үшін олар келген орны бойынша ХҚКО-ға жеке келіп, өтініш беруі қажет.

Көрсетілетін қызметті алушы қызмет көрсету орталығының қызметкеріне жүгінген кезде ол:

  • көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру;
  • құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
  • Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (ИАЖ) өтінішті толтыру.

"Қазақстан Республикасы сотының үкімі бойынша бас бостандығынан айыруға сотталған шетелдіктерде, азаматтығы жоқ адамдарда және мәртебесі реттелмеген адамдарда жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған кезде осы қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш мемлекеттік қызметті алу үшін негіз болып табылады", - делінген құжатта.

Егер шетелдік ХҚКО-да құжаттардың толық емес пакетін немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, оған құжаттарды қабылдаудан бас тартылады және Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қолхат беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети