Қазақстанда жүктерді экспорттауға баламалы бағыттар қарастырылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жүктерді экспорттауға баламалы бағыттар қарастырылады Фото: elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев экспорттық және транзиттік жүктерді тасымалдаудың баламалы бағыттарын әзірлеу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев экспорттық және транзиттік жүктерді тасымалдаудың баламалы бағыттарын әзірлеу жоспары туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір қазақстандық жүктерге ешқандай шектеу жоқ, біздің жүктеріміз Ресей аумағы арқылы өтеді, Латвия Республикасының порттары қазақстандық жүктерді қабылдайды, содан ары қарай жөнелтеді.

Сонымен қатар, бұрын құрылған бағыттар – Транскаспий халықаралық көлік магистралі пысықталып жатыр. Біз оны жаңғырттық, бұрын Ресей арқылы арзанырақ болатын, енді балама ретінде басқа бағыттарды қарастырып жатырмыз", - деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Оның айтуынша, бұл бағытқа қосылған Әзербайжан, Грузия және Түркия елдерімен келісім жасалып, қазақстандық жүктің бір бөлігі қазірдің өзінде осы бағытта жөнелтіліп жатыр.

"Бұл бағыт жүкті қабылдауға дайын. Бүгінде Ақтау мен Құрық порттары толық жүктелмеген, сондықтан олар 10 миллион тоннаға дейінгі жүктерді еркін қабылдай алады, жоспарлап жатырмыз. Бұл бағытта оңай тасымалдауға болады", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети