Қазақстанда жұмыртқа 33 пайызға қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жұмыртқа 33 пайызға қымбаттады Фото: elements.envato.com

Қазақстанда жұмыртқа бірден 33 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жұмыртқа бірден 33 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылдың ақпанында бірінші санаттағы жұмыртқалардың бағасы жылдық динамикада бірден 32,9 пайызға және бір айда 3,6 пайызға өсті. Елдегі базарлар мен дүкендерде жұмыртқа бағасы 411 теңге болды.

Ең қымбат баға Алматыда (оны - 474 теңге), арзаны Петропавлда (оны - 340 теңге) тіркелді.

"34 ірі құс фабрикасының 13-інде жұмыртқа бағасын өзара келісіп қою белгілері анықталды. Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Жыл басынан бері екі айда жұмыртқа бағасы 11,5 пайызға өскен (былтыр осы кезеңде баға 1,4 пайызға төмендеген). Бағаның өсуіне құс тұмауының өршуі және құс санының азаюы да әсер еткен", - дейді сарапшылар.

Сондай-ақ, жұмыртқа өндірісі бір жылда 18 пайызға төмендеген. 2021 жылдың қаңтар-ақпанында қазақстандық фермерлер 613,4 миллион жұмыртқа алды. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 17,9 пайызға аз.

Өндірістің жартысы үш өңірге тиесілі: Ақмола (109,4 миллион жұмыртқа, минус 18,6 пайыз), Алматы (107,8 миллион жұмыртқа, минус 24,7 пайыз) және Қарағанды (99,6 миллион жұмыртқа, минус 1,4 пайыз) облыстары.

Былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан фермерлері жұмыртқаға деген сұранысты (ішкі нарықта өткізу жіне экспорт) бір жыл бұрынғы 97,6 пайызға қарағанда 95,4 пайызбен қорытындылады. Өндірістің қысқаруына байланысты осы кезеңде импорт 1,8 есе артып, 245,9 миллион жұмыртқа болды.

Экспорттың үлесі 4 пайыз. Қазақстан экспортқа тек 210,8 миллион жұмыртқа жіберді. Бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда бірден екі есе аз. Ішкі нарықта 5 миллиард жұмыртқа сатылған. Бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,7 пайызға аз.

 Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети