07 қыркүйек 2015 | 13:14

Қазақстанда жұмыс берушілер медициналық сақтандыру үшін жалақысынан бес пайызға дейін жарна төлейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Mendozapost.com © Mendozapost.com

Қазақстанда жұмыс берушілер медициналық сақтандыру үшін жалақысынан бес пайызға дейін жарна төлейді. Мәжілісте "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заң жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жұмыс берушілер медициналық сақтандыру үшін жалақысынан бес пайызға дейін жарна төлейді. Мәжілісте "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" заң жобасы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова таныстырды. Заң жобасына сәйкес, азаматтар үшін медициналық қызметтің екі түрі қарастырылған: бірінші - республикалық бюджеттен қаржыландырылатын медициналық көмектің мемлекет кепілдендірген көлемін ұсынатын базалық пакет. Ол Қазақстанның барша азаматтары үшін қолжетімді болмақ. Пакеттің құрамына жедел жәрдем қызметі, санитарлық авиация, әлеуметтік маңызды ауруларға, сондай-ақ шұғыл жағдайларда, профилактикалық екпе кезінде көрсетілетін медициналық көмек кіреді.

2020 жылға дейін өзін өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған тұрғындарға республикалық бюджеттің есебінен амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етілетін амбулаторлық-емханалық көмек көрсету қарастырылған.

Екіншісі - қайтадан құрылатын медициналық сақтандыру Қоры ұсынатын сақтандыру пакеті. Оған абулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), стационарлық көмекті алмастыратын көмек (әлеуметтік маңызды ауруларды есептемегенде), қалпына келтіру емдік шаралары, медициналық реабилитация, паллиативтік көмек және мейірбикелік қарау мен жоғарғы технологиялық көмек кіреді.

Бұл пакетті алу құқығы жарнасы төленген ҚР азаматтарына, ҚР аумағында тұрақты өмір сүретін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға беріледі.

Сонымен қатар, мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер - жалдамалы жұмысшылар үшін, қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады. 

Сонымен қатар, бұл пакеттерге қосымша ерікті сақтандыруға қатысқан азаматтар медициналық қызметтерді келісім негізінде ала алатын болады. Міндетті ай сайынғы жарналар мен ҚР ДСӘДМ медициналық қызметтерді төлеу Комитетінің базасында медициналық қызметтерді сатып алуды топтастыру үшін коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық формасында әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры құрылатын болады. Қордың құрылтайы әрі жалғыз акционері ҚР Үкіметі болмақ.

Ерекше санаттағы азаматтар (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) үшін мемлекет төлейтін жарнаның мөлшерлемесі орташа айлық еңбекақының 7 пайызын құрайды. Сонымен қатар мөлшерлеменің көлемі 2017 жылы 4 пайызға, 2018 жылдан бастап 5 пайызға, 2023 жылдан 6 пайызға, 2024 жылдан 7 пайызға сатылай өсетін болады.

Жұмыс берушілер жарнасы мөлшерлемесінің жалпы көлемі кірістің 5 пайызын құрайтын болады. Аударым 2017 жылы 2 пайыздан, 2018 жылы 3 пайыздан, 2019 жылы 4 пайыздан, 2020 жылы 5 пайыздан басталады. Бұл аударымдар корпоративтік кіріс салығын есептеу кезіндегі шегеру есебінен болатынын ескерсек, жұмыс берушіге түсетін салмақтың көлемі төмендегідей болады: 2017 жылы 1,6 пайыз, 2018 жылы 2,4 пайыз, 2019 жылы 3,2 пайыз, 2020 жылдан 4 пайыз. 

Қызметкерлер жарнасының мөлшерлемесі кірістің 2 пайызын құрайды, аударым 2019 жылы 1 пайыз, 2020 жылдан бастап 2 пайыз болады.

Өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жарнасының мөлшерлемесі (жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар, азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша кіріс табатын жеке тұлғалар) олардың кірісінің 7 пайызын құрайтын болады. Ол 2017 жылы 2 пайыз, 2018 жылы 3 пайыз, 2019 жылы 5 пайыз, 2020 жылдан бастап 7 пайыз болады. Пайыздық мөлшерлеме шегерілетін сома ең төменгі деңгейдегі 15 еңбекақыдан төмен болмайтынын атап өту керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры жарнасынан азаматтардың 15 санаты босатылады (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобы) : балалар; "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр Ана" атағын алғандар, сонымен қатар  I және II дәрежелі  "Аналық даңқ" орденімен марапатталған көп балалы аналар; ҰОС ардагерлері мен мүгедектері; мүгедектер; жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар; интернат мекемелерінде оқытылып, тәрбиеленіп жатқан тұлғалар; техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімдерде, сонымен қатар резидентура формасындағы ЖОО кейін білім алып жатқан тұлғалар; бала тууға, бала асырап алуға, 3 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар; жұмыс істемейтін екіқабат әйелдер, іс жүзінде 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыссыз азаматтар; зейнеткерлер; әскери қызметкерлер; арнаулы мемлекеттік қызмет жұмыскерлері; құқық қорғау органдарының жұмыскерлері; ең төменгі деңгейдегі қауіпсіздік мекемелерін есептемегенде сот шешімімен ҚАЖ мекемелерінде айыбын өтеушілер; уақытша ұстау изоляторлары мен тергеу изоляторларындағы азаматтар.

Заң жобасын талқылау кезінде депутат Азат Перуашев өзінің пікірін айтты. "(...) Зейнетақыға түзету енгізуді талқылау кезінде өзімнің күдігімді айттым. Біз еңбектеніп жатқандарға салмақ салып жатырмыз. Сол жалақыларды көлеңкеден шығару үшін үлкен күш жұмсалды. Біз кәсіпкерлерді жабық схемаға өтуге тағы да итермелеп отырмыз. (...) Жалақының қандай бөлігі көлеңкеге кетуі мүмкін?", - деді ол. Министр кезеңмен өту жұмыс берушілерге салмақ түсірмейтінін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети