Қазақстанда жұмыстағы сынақ мерзімін алып тастау жоспарланып жатыр

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жұмыстағы сынақ мерзімін алып тастау жоспарланып жатыр

Қазақстанда жұмыс беруші жас жұмысшылар үшін сынақ мерзімін алып тастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жұмыс беруші жас жұмысшылар үшін сынақ мерзімін алып тастауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз жас маманды үш айдан кейін жұмыстан шығаруға болатын сынақ мерзімін жойғымыз келеді. Осы норманы қарастырып, ұсынып, қабылданса, жастардың жұмысқа орналасуына да оң әсер етеді деп ойлаймын",- деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ брифингінде.

Оның айтуынша, министрлік Еңбек кодексіне өзгерістер енгізуге бастамашылық етіп жатыр.

Ол сондай-ақ "жас қызметкер" ұғымын енгізу жоспары туралы айтты, бірақ бұл қандай жаңашылдықты білдіретінін нақтыламады.

Сынақ мерзімі - бұл жұмыс берушінің қызметкердің кәсіби жарамдылығын тексеру үшін қызмет ететін уақыт кезеңі, көбінесе үш ай. Егер жұмыс беруші түпкілікті нәтижеге көңілі толмаса және қызметкер сынақтан өтпеді деп есептесе, ол оны жұмыстан шығаруға құқылы. Бұл жағдайда қызметкер бұл туралы жұмыстан босату күнінен кемінде үш күн бұрын хабардар етілуге ​​тиіс.

Сілтемесіз жа ңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети