Қазақстанда жұмыстан айырылып қалудың тағы бір себебі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Парламенттің төменгі палатасының отырысында жаңа Еңбек кодексінің жобасын таныстырды.
Қазақстанда жұмыстан айырылып қалудың тағы бір себебі пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Парламенттің төменгі палатасының отырысында жаңа Еңбек кодексінің жобасын таныстырды.
Жаңа Еңбек кодексі аясында қызметкер зейнет жасына жеткенде жұмыс берушіге онымен еңбек шартын бұзу құқығын беру ұсынылды, деп мәлімдеді бүгін баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов. "Жаңа Еңбек кодексі бойынша қызметкер зейнет жасына жеткенде жұмыс берушіге онымен еңбек шартын бұзу құқығын беру ұсынылуда, оған қоса еңбек шартын бұзу тәртібі нақты реттелген", - деді Нұрымбетов.
Оның айтуынша, бұл іс-тәжірибе тек мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерге тарап отыр. Жаңа Еңбек кодексі бойынша осындай тәртіпті жеке секторға да тарату ұсынылып отыр. Оған қоса, жұмыс берушіге қызметкердің біліктілігі мен қажеттілігін, денсаулық жағдайын ескере отырып, жыл сайын зейнет жасындағы қызметкерлермен еңбек шартын созып отыру құқығы беріледі.
Еңбек кодексінің жобасы 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша "100 қадам" Ұлт жоспарын іске асыру шеңберіндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Сонымен қатар, талқыланып жатқан ҚР Еңбек кодексі жобасының нормаларына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қарым-қатынас жеке келісім-шарттар мен қосымша келісімдер арқылы тараптардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мүмкіндігімен өзін-өзі реттеу қағидасына көбірек негізделетін болады, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде.
Ведомство өкілдері жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болатынын айтты.
Осылайша, Кодекс жобасында жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шаралары жеңілдетілген. Сондай-ақ, ДСӘДМ, мәліметінше, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған.
Құжат жобасы еңбек келісімінің шарттарын өзгерту шараларын, әсіресе экономикадағы дағдарыс жағдайында жеңілдетуді қарастырады. "Бұл новелла жұмыс беруші қызметкерлер санын қысқартудың орнына толық емес жұмыс уақыты режимін енгізу және қызметкерлерді уақытша өзге жұмысқа ауыстыру тиімді болған жағдайдағы шарттарды қарастырады", - деп түсіндірді ведомство хабарламада.
Мәселен, жұмыс орындарын сақтау мақсатында кәсіпорынның жұмысы тоқтаған жағдайда (бір айдың орнына) қызметкерлерді уақытша ауыстыру мерзімін анықтау ұсынылады. Сондай-ақ, жұмыс берушінің қызметкердің келісімінсіз денсаулығына зиян тигізбейтін кез келген бос орынға ауыстыру (кәсіпорынның жұмысы тоқтап тұрған жағдайда) құқығы қарастырылады.
Қазіргі уақытта ҚР Еңбек кодексінің жобасы Парламент Мәжілісіне ұсынылған, бүгін осы құжатты ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова таныстырған болатын.