Қазақстанда жүргізушілерге сынақ мерзімін енгізу ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жүргізушілерге сынақ мерзімін енгізу ұсынылды Фото:gov.kz

Сенатор, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған (2019-2024 жылдар) Марат Қожаев жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімін енгізуді, сондай-ақ автомектептер мен жүргізуші куәлігін алу процесіне бақылауды күшейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сенатор, ішкі істер министрінің бірінші орынбасары болған (2019-2024 жылдар) Марат Қожаев жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімін енгізуді, сондай-ақ автомектептер мен жүргізуші куәлігін алу процесіне бақылауды күшейтуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қожаев өз депутаттық сауалын премьер-министр Олжас Бектеновке жолдады. Ол өз сөзінде еліміздегі жол-көлік оқиғаларының 96 пайызы жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдарынан болатынын және оның негізгі себептерінің бірі – жүргізушілерді даярлау деңгейінің төмендігі екенін айтты.

Қожаевтың айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда 374 автомектеп жұмыс істейді, алайда олардың қызметі бақылаусыз қалған. Кей жағдайларда оқыту формалды сипатқа ие болып, түлектер қажетті білім мен дағдыларсыз жолға шығады.

"Сонымен қатар, жүргізуші куәліктерін беру тәртібінің жүйелі түрде бұзылуы алаңдаушылық тудырады. Кейбір орталықтарда емтихан тапсыруға қажетті техника – мотоциклдер, автобустар, жүк көліктері жоқ немесе істен шыққан, тіпті кей жерлерде автодромдар да қарастырылмаған", – деді Қожаев.

Осыған байланысты сенатор жүргізушілерді даярлайтын оқу орындарына мемлекеттік бақылау орнатуды, автомектептердің оқу бағдарламаларын қауіпсіздік пен жол мәдениетін күшейту бағытында жаңартуды, сондай-ақ "емтихан тапсыру және жүргізуші куәлігін алу тәртібін қайта қарастырып, жаңа жүргізушілер үшін сынақ мерзімін енгізуді" ұсынды.

Бұдан бөлек, Қожаев көпдеңгейлі жаяу жүргіншілер өткелдерін салуды, республикалық жолдар өтетін елді мекендердегі тротуарларды жарықтандыруды қамтамасыз етуді және жергілікті республикалық жолдарда жол белгілері мен жол таңбаларының дұрыс орнатылуын тексеру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Сенатор, сондай-ақ, такси және автобус жүргізушілерінің рейс алдындағы медициналық тексеруін қамтамасыз ету, олардың жұмыс режимін бақылау үшін GPS-мониторинг пен тахографтарды енгізу қажеттігін атап өтті.

Тағы бір ұсынысы – жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзатын такси жүргізушілерін тіркеуден шығару мүмкіндігі бар цифрлық реестр құру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети