Фото Nur.kz сайтынан
Қазақстанда әуе компанияларының куәліктерін қайта қараудың нәтижесінде 7 компанияның жұмысы толығымен тоқтатылды. Бүгінде ұшу мерзіміне байланысты жүздеген ұшақтың куәлігі кері қайтарылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевке сілтеме жасап. Министрдің хабарлауынша, қазіргі кезде тағы 4 компанияның куәлігі уақытша тоқтатылды. "Қазіргі кезде біз олардың өз кемшіліктерімен қалайша жұмыс істеп жатқанын бақылап жатырмыз. Онымен қоса, ұшақтардың куәліктерін тексеру жұмысы атқарылды. Бүгінде біз ұшу мерзіміне байланысты 108 куәліктің күшін жойдық. Оны да біз бақылайтын боламыз. Кемшіліктер жойыла ма, жоқ па? Әрине, кері жағдайда біз ол ұшақтарға аспанға көтерілуге мүмкіндік бермейміз. Оның барлығы қауіпсіздік үшін керек", - деді министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде А.Жұмағалиев. Айта кетейік, аталған шаралар Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен бірлесе отырып атқарылады. Себебі өткен жылы Қазақстан әуе қауіпсізідігі жағынан ұйымның "қара тізіміне" енген. Осыған байланысты елімізде қызмет көрсетіп жүрген әуе компаниялары тексерістен өтіп, ұшу қауіпсіздігі заңнамасы тиісті өзгерістер енгізілді.
Қазақстанда әуе компанияларының куәліктерін қайта қараудың нәтижесінде 7 компанияның жұмысы толығымен тоқтатылды. Бүгінде ұшу мерзіміне байланысты жүздеген ұшақтың куәлігі кері қайтарылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР көлік және коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевке сілтеме жасап.
Министрдің хабарлауынша, қазіргі кезде тағы 4 компанияның куәлігі уақытша тоқтатылды. "Қазіргі кезде біз олардың өз кемшіліктерімен қалайша жұмыс істеп жатқанын бақылап жатырмыз. Онымен қоса, ұшақтардың куәліктерін тексеру жұмысы атқарылды. Бүгінде біз ұшу мерзіміне байланысты 108 куәліктің күшін жойдық. Оны да біз бақылайтын боламыз. Кемшіліктер жойыла ма, жоқ па? Әрине, кері жағдайда біз ол ұшақтарға аспанға көтерілуге мүмкіндік бермейміз. Оның барлығы қауіпсіздік үшін керек", - деді министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде А.Жұмағалиев.
Айта кетейік, аталған шаралар Халықаралық азаматтық авиация ұйымымен бірлесе отырып атқарылады. Себебі өткен жылы Қазақстан әуе қауіпсізідігі жағынан ұйымның "қара тізіміне" енген. Осыған байланысты елімізде қызмет көрсетіп жүрген әуе компаниялары тексерістен өтіп, ұшу қауіпсіздігі заңнамасы тиісті өзгерістер енгізілді.