26 тамыз 2024 | 12:57

Қазақстанда жыл басынан бері 200-ден астам бала терезеден құлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Midjourney нейрондық желісі арқылы жасалынды Сурет Midjourney нейрондық желісі арқылы жасалынды

Былтыр Қазақстанда 1093 бала жарақат алып, көз жұмды. Терезеден 200-ден астам бала құлап, 12 жағдай өлімге әкеп соқтырды. Мамандар мұндай қайғылы оқиғаның көбеюін ата-аналардың үнемі "гаджет қарап" отыруымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Былтыр Қазақстанда 1093 бала жарақат алып, көз жұмды. Терезеден 200-ден астам бала құлап, 12 жағдай өлімге әкеп соқтырды. Мамандар мұндай қайғылы оқиғаның көбеюін ата-аналардың үнемі "гаджет қарап" отыруымен байланыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова ОКҚ дөңгелек үстелінде сөйлеген сөзінде республикада жыл сайын балалар арасында 200 мыңға дейін жазатайым оқиғалар мен жарақаттар тіркелетінін айтты. Жағдайлардың 1,2 пайызында балалар өмір бойы мүгедек болып қалады.

"Жарақат алу жағдайларының 70 пайызы үйде болады. Балалардың 20 пайызы жарақат салдарынан қайтыс болады. Біз оларды аурудың салдарынан жоғалтпаймыз: бұл дені сау балалардың өлімі. Кейбір балалар мүгедек болып қалады, ал сыртқы себептерден мүгедектік пен өлім-жітімнің алдын алуға болады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы 0 мен 17 жас аралығындағы 1093 бала жарақаттан қайтыс болған", - деді Ембергенова.

Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры балалардың терезеден құлауының қорқынышты статистикасына назар аударды.

"Қазақстандағы балалар арасындағы өлім-жітімнің үшінші себебі биіктіктен, оның ішінде терезеден құлау жағдайлары. Жағдай саны үш жыл ішінде біз 1,6 есе өскен; жылдан жылға өлім саны да азаймай отыр. Әрбір жазатайым оқиға кең қоғамдық резонанс тудырады, өйткені кішкентай балалар жарақат пен өлімге бейім (...). Ал биыл алты ай ішінде терезеден 223 бала құлады, 12-сі көз жұмды, бұл өте өкінішті. Қазір шешілуі қажет құлаудың алдын алу үшін терезе конструкцияларының пішінін өзгерту, тік ашу, қорғаныс механикалық құралдарын орнату, поликарбонаттан жасалған берік торлар, құлыппен арнайы тұтқалар, күрделі щеколдтар, шектегіштер және тағы басқалар маңызды", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, жазатайым оқиғаға баланың жақын маңдағы ересектердің назардан тыс қалуы себеп болады немесе баласын қарауды үлкен балалар мен қарт туыстарына тапсырады.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар мамандары балалардың құлау санының айтарлықтай өсуін және ата-аналардың назар аудармауын олардың үнемі "гаджет қарап" отыруымен байланыстырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети