15 наурыз 2021 | 10:55

Қазақстанда жыл басынан бері 539 рет жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

2021 жылдың екі айында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан жолдары 539 рет жабылды. 500-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақмола облысы жолдардың жабылуы бойынша көш бастап тұр


Иконка комментария блок соц сети

2021 жылдың екі айында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстан жолдары 539 рет жабылды. 500-ге жуық көлік қар құрсауынан шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ақмола облысы жолдардың жабылуы бойынша көш бастап тұр

Боран мен қатты жел салдарынан жолда көру нашар болуына байланысты жол учаскелері 329 рет жабылды. Көктайғаққа байланысты 78 рет, температура төмендеуіне байланысты 34 рет және көрші аймақтарда қозғалыс шектелуіне байланысты 98 рет шектеу енгізілді.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, жолдарды жабу бойынша Ақмола облысы көш бастады. 2 айда жолдар 111 рет жабылған. Екінші орында - Шығыс Қазақстан облысы, онда шектеулер 66 рет енгізілген.

Жол қызметкерлері 500-ге жуық көлік құралына көмек көрсетті, оның ішінде 109-ы жылы орындарға орналастырылды, 800-ден аса адам "Қазақавтожол" ЖШС жылыту пункттеріне жеткізілген.

Былтыр қыс мезгілінің осы кезеңінде елдегі жолдар 676 рет жабылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдері көлік қозғалысына енгізілетін шектеулер жолдағы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шара екенін айтты

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети