16 мамыр 2014 | 12:45

Қазақстанда жыл сайын 22 мың жас түлек мектептен кейін бірден жұмыс істеуге кіріседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанда жыл сайын 22 мың жас түлек мектептен кейін бірден жұмыс істеуге кіріседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жыл сайын 22 мың жас түлек мектептен кейін бірден жұмыс істеуге кіріседі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.

"Жыл сайын 22 мың мектеп бітіруші (оның жартысынан көбі оңтүстік аймақтардан) еңбек нарығына ешқандай мамандықсыз келеді",- деді министр Мәжілісте "Техникалық, кәсіптік және жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары" тақырыбында өткен парламенттік тыңдауда.

Аслан Сәрінжіповтың айтуынша, бүгінгі таңда еңбек нарығы мен жұмыс жүйесінде техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен өзара байланыс орнатылған. "Бірақ техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен жыл сайын 170 мың жас маман дайындалып шықса да, экономиканың жекелеген салаларының ішінде еңбек ететін жұмыскерлер санының аздығы байқалады. Ең күрделі мәселелердің бірі - ауыл шаруашылығы, өткен жылы 11 мың маман дайындалса да, жұмыспен қамтудың төмендігі шамамен 53 мыңды құраған", - деді ол.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, қазірдің өзінде 14 пен 25 жас аралығындағы 633,2 мың жас мамандық алмаған. Бұл 3 миллион 132 мың жастың 20 пайызын құрайды екен. Олардың 94 мыңы еш жерде жұмыс істемейді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети