21 қараша 2023 | 17:55

Қазақстанда қағаз анықтама талап еткендерді жазалау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин негізсіз анықтама сұрайтындарды жауапқа тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин негізсіз анықтама сұрайтындарды жауапқа тартуды ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Біз Big data мүмкіндігін қолданып жатырмыз. Бүгінде 6,3 миллион отбасының деректері цифрланды. Сол арқылы адамдар қай қызметті ең көп сұрайтынын білдік. Ол әлеуметтік маңызды 18 қызмет: көпбалалы отбасына, мүгедектігі бар адамға, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мен төлемақылар. Бұл қызметтер проактивті көрсетіледі. Ол - 800 мыңдай қызмет", - деді министр Үкімет отырысында.

Бағдат Мусин премьер-министрге өтініш жасады.

"Бірақ салада үлкен проблема бар: ол - базалардағы қателер. Әлихан Асханұлы, әр органға тапсырсақ, өзіне жүктелген базадағы деректерді тексеріп, шындыққа сай келтірсе", - деді ведомство басшысы.

Сондай-ақ, ол негізсіз анықтама сұрайтын жұмыс берушілерді жауапқа тартуды ұсынды.

"Big data-ның тағы да бір мүмкіндігіне тоқталайын. Жыл сайын бір жерден екінші жерге 50 миллион анықтама тапсыру қажет болатын. Соны цифрлық форматқа көшірдік. Бірақ анықтаманы негізсіз талап ету әлі де болып жатыр. Көбіне оны сұрайтын - мектеп пен жұмыс берушілер.

Сіздің тапсырмаңызға сәйкес 2024 жылы жылы өкілетті 2 министрлікпен бұл проблеманы толық шешеміз деп отырмыз. Анықтаманы заңсыз талап еткені үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді сұраймыз", - деді Бағдат Мусин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети