Қазақстанда қалалықтарға қарағанда ауылдық жасөспірімдер өз-өзіне көп қол жұмсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура комитетінің төрағасы Сәуле Айтбаеваға сілтеме жасап.
Қазақстанда қалалықтарға қарағанда ауылдық жасөспірімдер өз-өзіне көп қол жұмсайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура комитетінің төрағасы Сәуле Айтбаеваға сілтеме жасап.
"Қазіргі таңдағы үрдісті айта кеткім келеді, статистикалық мәліметтер бойынша өз-өзіне қол жұмсайтын әрекеттер мен өз-өзіне қол жұмсау қалада емес, аудандар мен ауылдарда көп болады. 2014 жылдың 6 айында кәмелетке толмаған жастардың өз-өзіне қол жұмсауы бойынша қалада - 26, ал аудандар мен ауылдарда 78 іс тіркелген", - дейді ол ҚР Парламент Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің "Жастар арасында өз-өзіне қол жұмсауды және жол көлік оқиғаларын азайтуға" арналған отырысы барысында.
ҚР Денсаулық сақтау және қоғамдық дамыту министрлігінің вице-министрі Серікбол Мусинов аймақ бойынша статистикалық мәліметтерді жариялады. "100 мыңдаған тұрғыны бар аймақтарда өз-өзіне қол жұмсау көрсеткіші есеп бойынша мына аймақтарда жоғары болып тұр: Қостанайда - 42,5, Ақмолада - 36,4, Шығыс Қазақстан облысында - 31, Батыс Қазақстан облысында- 36,4, Қарағандыда - 25,3, Павлодарда - 25. Ал ең аз көрсеткіштер Алматыда - 5,4, Солтүстік Қазақстан облысында - 10,6, Маңғыстау облысында - 12,5, Астанада - 12,9, Оңтүстік Қазақстан облысында - 13 пайызбен тіркелген.", - дейді ол.
Мусиннің айтуына қарағанда, Денсаулық сақтау министрлігі өз-өзіне қол жұмсауға, нашаға құмарлыққа және психикалық ауруларға шалдыққандарға арналған арнайы қоғамдық, бір жүйелі өзгерістер енгізеді. Ол қазіргі таңда үкіметің қарауында жатыр.