Қазақстанда камералар қауіпті жүргізуші келе жатқаны туралы ескертеді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда камералар қауіпті жүргізуші келе жатқаны туралы ескертеді 24.kz

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындарды тіркейтін жаңа "Қорғау" бағдарламасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындарды тіркейтін жаңа "Қорғау" бағдарламасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Парламент Сенаты депутаттарын қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының әзірленіп жатқан жобасы туралы хабардар етті.

"Депутаттарға жол қозғалысы ережесін өрескел бұзатындарды анықтау бойынша "Қорғау" жүйесі жұмысының ерекшеліктерін айттық. Бағдарлама көше камераларының мәліметтерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейлердің планшетіне қауіпті жүргізушінің келе жатқаны туралы сигнал береді", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

"Қорғау" көмегімен тәртіпбұзушылардың 18 мыңға жуық көлігі айып алаңына қойылып, жалған нөмір қолданудың 909 дерегі анықталғаны атап өтілді. Көлік жүргізу құқығы жоқ немесе бұрын құқығынан айырылған үш мыңнан аса жүргізуші ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети