Қазақстанда қандастарды қабылдау квотасы ұлғайтылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қандастарды қабылдау квотасы ұлғайтылмақ Фото:gov.kz

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын азайту есебінен қандастарды қабылдау квотасын ұлғайтпақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын азайту есебінен қандастарды қабылдау квотасын ұлғайтпақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрық жобасы 16 шілдеге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталына жарияланған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын қайта бөлу мақсатында өңірлердегі қажеттілікке сәйкес, "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2024 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы" ведомство басшысының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 530 бұйрығына өзгерістер енгізеді.

"Құжат жалпыға бірдей белгіленген квота шеңберінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын алты жүзге дейін төмендету есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын 600 адамға ұлғайтуды көздейді.

Өңірлік квоталарды өзгерту қажеттілігі еңбек күші тапшы өңірлерге (солтүстік өңірлерге) қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты", - делінген құжат мәтінінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети