08 қыркүйек 2023 12:57

Қазақстанда қандай азық-түлік өнімдері арзандады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет:  Freepik.com Сурет: Freepik.com

Ұлттық статистика бюросы бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық статистика бюросы бір апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының қалай өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бюроның мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі 0,1 пайызға төмендеп, жылдық көрсеткіш 6,5 пайызға өсті.

5 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда пияз (-4,7 пайыз), картоп (-2,7 пайыз), қырыққабат, қарақұмық жармасы, күнбағыс майы, макарон өнімдері, ұн және қант арзандаған.

Қазақстанда бір апта ішінде күріш (+1,1 пайыз), май (-0,6 пайыз), жұмыртқа (-0,4 пайыз), сәбіз, сүзбе, айран, тұз, сиыр және тауық еті қымбаттаған.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қаладан және Астанадан жиналады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктеріндегі тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети