Қазақстанда қандай гүлдер сұранысқа ие?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қандай гүлдер сұранысқа ие? Фото:elements.envato.com

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) шетелден гүл әкелуге қатысты қызықты деректермен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) шетелден гүл әкелуге қатысты қызықты деректермен бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1085 тонна, құны 8,5 миллион доллар болатын гүлдер әкелінген.

"Бізге раушан гүлдері көп келді (6 миллион долларға 724 тонна). Екінші орында хризантема (97 тонна, 883 мың доллар), үшінші орында қалампыр (28 тонна, 165 мың доллар). Лилия гүлдері де танымал (178 мың долларға 24 тонна)", - делінген хаарламада. 

Гүлдер Нидерланды (535 тонна), Бельгия (162 тонна), Германия (115 тонна), Эквадор (94 тонна), Литва (79 тонна), Колумбия (54 тонна), Өзбекстан (69), Кения (15), Словакия (5 тонна), Израиль (4 тонна) және Түркиядан (3 тонна) әкелінді

 Мемлекеттік кірістер комитеті 2021 жылы жалпы құны 41,4 миллион доллар болатын 5752 тонна гүл импортталғанын айтады.

Ведомоства гүлді шетелден сатып алып қана қоймай, раушан гүлдері мен лалагүлдерді өзіміз де экспорттайтынымызды айтып, өткен жылы 71,4 мың долларға 17,8 тонна гүл сатқандарын айтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети