Қазақстанда қандай жағдайда қатаң карантин мен локдаун енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қандай жағдайда қатаң карантин мен локдаун енгізіледі Фото: Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дельта" штамның таралуын ескере отырып, соңғы екі аптада республиканың барлық өңірінде аурушаңдық көрсеткіші өскені байқалады. Өсім 1,9 есе. Өңірлер бойынша 8 шілдеде инфекциялық төсек-орын 37 пайызға, реанимациялық төсек-орын 32 пайызға қамтылған", - деді Шоранов ОКҚ онлайн-брифингінде.

"Елімізде қатаң карантин енгізу жоспарда бар ма? Бұрын сіз локдаун енгізу үшін төсек-орын 70 пайызға толуы керек деп айтқансыз. Бүгінде бұл ережелер бар ма?" - деп сұрады тілші ОКҚ онлайн-брифингінде.

"Бүгіне бұл ережелер сақталған. Біз міндетті түрде осы ережелерді ұстанамыз. Қазір республика бойынша төсек-орындардың 37 пайызы толған. Барлық мүмкіндікті пайдаланамыз. Көрсеткіш 70 пайыздан асса бұл мәселені қарастыруға тура келеді", - деп жауап берді Шоранов.

Бұған дейін Денсаулық сақтау міністірлігі неге коронавирусқа қарсы вакцина салдыру тегін, ал ПТР-сынама тапсыру ақылы деген сұраққа жауап берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети