Қазақстанда қанша адам шизофренияға шалдыққан?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша адам шизофренияға шалдыққан? Фото:depositphotos.com

Денсаулық сақтау министрлігі психикалық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады. Мұндай адамдар саны 200 мыңға жуықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі психикалық ауытқуы бар қазақстандықтар туралы мәлімет жариялады. Мұндай адамдар саны 200 мыңға жуықтайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, психикалық және мінез-құлық ауытқулары бар 198 417 адам динамикалық бақылауда тұрғанын хабарлады. Олардың ішінде:

  • 41 014 бала;
  • 82 914 әйел;
  • 115 503 ер адам.

"Алайда психикалық және мінез-құлық ауытқуларының болуы стационарлық емдеуге көрсеткіш болып табылмайды. Стационарлық емдеу аурудың жедел ағымы және/немесе өршуі кезінде көрсетіледі. Стационарлық ем алғаннан кейін пациенттер амбулаторлық бақылауды жалғастырады", - деді ведомство өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша "шизофрения" диагнозымен дәрігерлердің бақылауында 289 бала, 19 405 әйел және 19 586 ер адам болған.

2023 жылы психикалық денсаулық орталықтарында 70,5 мың науқас, оның ішінде 8 мыңнан аса бала емделген. 1 қаңтардағы жағдай бойынша Психикалық денсаулық орталықтарында 7223 науқас болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.6  course down  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети