Қазақстанда 778 346 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші компонентін алды. Бұған дейін екі миллион адамды вакциналауға уәде етілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанда 778 346 адам COVID-19-ға қарсы вакцинаның екінші компонентін алды. Бұған дейін екі миллион адамды вакциналауға уәде етілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Халықты коронавирусқа қарсы вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде вакцинаның 2,6 миллион дозасы пайдаланылды, оның ішінде бірінші компонентті 1 871 823 адам, екінші компонентті 778 346 адам салдырды", - деді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 90 күнге дейінгі кезеңде "Спутник V" вакцинасының екінші компонентін салдыруға жол беретін өзгерістер енгізілген.
Осылайша халық бірінші дозадан кейін 21 күн өткен соң екінші дозаны ала алады.
Министрдің айтуынша, ай соңына дейін Қарағандыда "Спутник V" вакцинасының миллионнан аса дозасын шығару жоспарланып отыр.
"Бүгінде егу пункттерінде вакцина дозаларының саны жеткілікті: бірінші компоненттің шамамен 500 мыңы және екінші компоненттің - 750 мыңы. Вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүргізіледі", - деді министр.
АЙта кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин мамырда екі миллионнан аса адамды коронавирусқа қарсы вакциналауды тапсырған болатын. Үкімет дәл осы жоспарды сәуірге де қойған.
"Вакцинацияның қарқынын бәсеңдетпеу керек, оны тек арттыру керек. Біз халықтың коронавирусқа қарсы вакциналарға деген қажеттілігін барынша қамтамасыз ету және пандемия деңгейін төмендету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ауыл тұрғындарын вакцинациялауға ерекше назар аудару керек. Мамырда екі миллионнан аса адамды вакцинамен қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Мамин.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!