Қазақстанда қанша әйел тұрады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша әйел тұрады? Фото © Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Қазақстанда 10 488 074 әйел бар. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда 10 488 074 әйел бар. Бұл ақпаратты Ұлттық статистика бюросы жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жасы бойынша

Әйелдердің жасы бойынша көрсеткіш мынадай:

  • 0-15 жас аралығында 29,1 пайыз;
  • 16-60 жас аралығында 55,5 пайыз;
  • 61 жастан жоғары 15,4 пайыз.

Әйелдердің орташа жасы - 34,1 жас.

Аймақтар бойынша әйелдердің ең көп саны:

  • Алматы қаласында 1,2 млн әйел;
  • Түркістан облысында 1 млн әйел;
  • Астана қаласында 803,5 мың;
  • Алматы облысында 778,5 мың әйел бар.

Жұмыспен қамтылғандар саны

Жұмыспен қамтылған әйелдердің үлесі - 48 пайыз немесе 4,4 млн. Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50 пайыз. Өзін жұмыспен қамтығандар арасындағы үлес - 45 пайыз.

Әйелдер көбіне қай салаларда жұмыс істейді?

  • Білім - 20 пайыз,
  • Сауда - 19 пайыз,
  • Денсаулық сақтау саласы - 10 пайыз,
  • Жеке кәсіпкерлер арасындағы әйелдердің үлесі - 50,8 пайыз.

Жұмыс істейтін әйелдер арасында 35-44 жас аралығындағылар көп, яғни 1,3 миллион әйел бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course down  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети