Қазақстанда қанша дәрігер жетіспейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша дәрігер жетіспейді? © elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев Қазақстанда 4122 дәрігер жетіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев Қазақстанда 4122 дәрігер жетіспейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша дәрігер кадрларынан 5 201 адам тапшы, ең көбі Қостанай облысында жетіспейді - 624 штаттық бірлік. Жас мамандарды өңірлерге бөлгеннен кейін бұл мәселеде оң динамика байқалады: 10 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада кадр тапшылығы 1079 бірлікке азайды", - деді Төсекбаев ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта 4 122 дәрігер жетіспейді. Елдегі орта медициналық персонал бойынша тапшылық - 8 583.

Мына мамандықтарда дәрігерлер өте аз және жетіспейді:

- анестезиолог-реаниматологтар - 393 штаттық бірлік;

- терапевтер - 346,75 штаттық бірлік;

- ЖПД - 319,5 штаттық бірлік;

- дәрігер-зертханашылар - 226 штаттық бірлік;

- психиатрлар - 213 штаттық бірлік;

- акушер-гинекологтар - 203,5 штаттық бірлік;

- педиатрлар - 202,75 штаттық бірлік;

- инфекционистер - 121,5 штаттық бірлік;

- эпидемиологтар -102,5 штаттық бірлік;

- неонатологтар - 85,25 штаттық бірлік.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети