Қазақстанда қанша Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары қалды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары қалды? Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының қанша қоры қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда Hayat-Vax және CoronaVac вакциналарының қанша қоры қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елде Hayat-Vax вакцинасының 185 мың дозасы қалды.

"Оның ішінде бірінші доза - 13 мың. 11 өңірде: ШҚО, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында вакцинаның алғашқы дозасы жоқ.

Екінші дозаның 172 мыңы қалды. Ол барлық өңірде бар және осы вакцинаның алғашқы дозасын алғандарға ғана арналған", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

CoronaVac вакцинасының 260 мың дозасы қалған.

"Оның ішінде бірінші дозасы - 47 мың. Барлық өңірлерде бар. Бірақ ШҚО мен Қызылорда облысында 300 дозадан аз қалған. Екінші дозасы - 207 мың. Барлық өңірлерде бар", - деді ведомстводағылар.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан және Алматы әкімдіктері Hayat-Vax және CoronaVac коронавирусқа қарсы вакциналар қорының сарқылғаны туралы ақпаратты растаған болатын.

Қазақстанда қазір вакциналардың төрт түрі бар: қазақстандық QazVac, ресейлік "Спутник V", қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac. Әр вакцинаның ерекшеліктерін Назарбаев университетінің ғылыми, PhD, профессоры, Medsupportkz негізін қалаушы және еріктісі Дана Ақылбекова сипаттады. Оның сипаттамасы вакциналар туралы ашық ғылыми дәлелдерге негізделген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети