Қазақстанда қанша нысан Абай Құнанбаевтың есімімен аталады?

Алғабек Хамитұлы
Алғабек Хамитұлы Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша нысан Абай Құнанбаевтың есімімен аталады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда Абай Құнанбаевтың атымен аталатын бірнеше нысан бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Абай Құнанбаевтың атымен аталатын бірнеше нысан бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, республикада Абай Құнанбаев атындағы 99 мектеп бар. Олардың ішінде 4 бастауыш және лицей, 10 гимназия 80-ге жуық орта мектеп бар.

Сондай-ақ, Қазақстанда бір облыс, үш аудан, бір қала, үш аймақ, алты ауылдық округ, 19 ауыл, бір қыстақ ақын, ағартушы есімімен аталады.

Республикалық масштабта Абай Құнанбаев атындағы 1441 көше, 12 даңғыл, екі өткел, бір алаң, екі қиылыс және бір квартал бар.

Сондай-ақ Қазақстанда Құнанбаевтың 30-дан астам мүсіндері мен ескерткіштері орнатылған. Елімізден тыс елдерде Берлин, Бішкек, Будапешт, Женева, Каир, Мәскеу, Нью-Дели, Париж, Бейжің, Ренн, Сараево, Сеул, Ыстамбұл, Ташкент, Тбилиси, Тегеран және Харьков қалаларында бар.

Әзірбайжан астанасы Бакуде Абай құрметіне ескерткіш тақта орнатылған.

Еске салайық, 10 тамызда қазақстандықтар дәстүрлі түрде Абай күнін тойлайды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын, ағартушы және сазгер Абай Құнанбаевтың туған күні ресми мереке күні болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети