Қазақстанда қанша оқушы коронавирус жұқтырды?

Фото:elements.envato.com

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қанша оқушы коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қанша оқушы коронавирус жұқтырғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кезекші сыныптарда оқитын студенттер арасында коронавирус инфекцияның 36 жағдайы тіркелді. Бұл 1-4 сынып оқушылары. 575 оқушы олармен байланыста болған. Олардың ішінде 10 баланың коронавирусқа ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсетті", - деді вице-министр ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Оның айтуынша, олардың ауруы симптомсыз немесе жеңіл өтіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Вирус жұқтырған балалардың жалпы санынан тек бесеуі ауруханаларға жатқызылды. Оның ішінде дәрігерлер үшеуінің жағдайын орташа деп бағалады. Қашықтан оқитындардың ішінде COVID-19-дың 73 жағдайы тіркелді. Олармен 242 адам байланыста болған.

Олардың бәріне ПТР зерттеуі жүргізілді, 15 жағдай оң нәтиже көрсетті. Олардың денсаулық жағдайы қауіпті емес: олардың арасында ауыр жағдайлар жоқ. Инфекция жағдайлары Шығыс Қазақстан облысында (13 бала) көп тіркелді, Солтүстік Қазақстан облысында 12 жағдай, қалған аймақтарда - 1-2 жағдайдан", - деді Ажар Ғиният.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама