Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істеп жатыр?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істеп жатыр? Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкілдері Қазақстанда қанша ресейлік жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері 3 миллионға жуық ресейлік келді, шамамен осыншама адам елден шықты. Ішінара жұмылдыру жарияланғаннан кейін елімізге 837 мың адам келіп, 780 мыңы шықты.

Бүгінде елімізде 298 мың ресейлік болса, оның 30 мыңы келісімшартқа сәйкес жұмыс істейді, еңбек биржасында HR-да тіркелген. Тиісінше, олардың уақытша тұрғылықты жері бойынша тіркеуі бар", - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ильяс Испанов.

Оның айтуынша, Қазақстанда Ресейден келген 20 мың студент бар.

"Сонымен қатар, бізге келіп, транзитпен ұшып кететіндер де бар. 21 қыркүйектен бастап 198 мың ресейліктер елімізді транзит ел ретінде пайдаланып, өздері жоспарлаған елге кетіп қалды", - деді Испанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети