Қазақстанда қанша шетелдік жұмыс істейді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша шетелдіктің жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы жұмыс істейді.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат).

Шетелдік жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады - тиісінше 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

"Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы", - делінген хабарламада.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында - 5 317 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы - 1 572 адам , тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет - 979 адам, өңдеу өнеркәсібі - 960 адам.

Еңбек мигранттары негізінен Қытай - 3 652 адам (24 пайыз), Өзбекстан - 1 843 адам (12 пайыз), Үндістан - 1 741 адам (12 пайыз), Түркия - 1 534 адам (10 пайыз) елдерінен келеді.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында министрлік жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота бөледі. Биыл жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,24 пайыз немесе 22 260 бірлік мөлшерінде белгіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro