Қазақстанда қант 60 пайызға қымбаттаған - ҰСБ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қант 60 пайызға қымбаттаған - ҰСБ Фото:elements.envato.com

Қазақстанда бір жыл ішінде қант бағасы 60,5 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бір жыл ішінде қант бағасы 60,5 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мамыр айындағы инфляция көрсеткіші 14 пайыз болғанын еске салды.

Бюро мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылдың мамырымен салыстырғанда 19 пайызға өсті, ал басқа тауарлар 11,9 пайызға қымбаттаған.

"Азық-түлік нарығында қант 60,5 пайызға, көкөністер 31,5 пайызға, ұн 29,9 пайызға қымбаттады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, кеше министр Бақыт Сұлтанов Қазақстанда қант тапшылығы барын мойындаған еді. Министр қант тапшылығы Ресей Федерациясының қант экспортына салған тыйымына байланысты екенін айтты. Оның айтуынша, ЕЭК Кеңесінің 2022 жыл 15 сәуірдегі шешімі шеңберінде Қазақстан Республикасына 2022 жылғы 31 тамызға дейін 350 мың тонна көлемінде ақ қант пен шикі құрақ қантты бажсыз әкелу құқығы берілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети