Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін құрылған арнайы операция күштері қалай жұмыс істейді?

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаңтар оқиғасынан кейін құрылған арнайы операция күштері қалай жұмыс істейді? Фото ©Tengrinews.kz

Қорғаныс министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Президент тапсырмасы бойынша құрылған арнайы операция күштері қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қорғаныс министрлігі қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін Президент тапсырмасы бойынша құрылған арнайы операция күштері қалай жұмыс істейтінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаңтарда Мемлекет басшысының арнайы операция күштері қолбасшылығын құру туралы Жарлығы болды. Әскерлер қолбасшысы тағайындалды. Күштерді құрайтын құрамалар мен бірліктер анықталады. Оларды қамтамасыз ету, әскери және басқа да техниканың қару-жарақтарының тиісті үлгілерімен жабдықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Жеке құрам оқытылып жатыр", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалединов ОҚК брифингінде.

Стратегиялық даму департаменті бастығының орынбасары Алпамыс Өтепов арнайы операция күштерінің оқу-жаттығулары бірнеше рет өткізілгенін нақтылады.

"Негізгі міндеттер: әскери қауіпсіздікке гибридті қатерлерге қарсы тұру, заңсыз қарулы топтармен күресу және лаңкестікке қарсы операцияларға көмектесу. Арнайы операция күштерін орналастыру дағдарысты оның басталу сатысында жоюдың нақты құралын қолданумен бірдей. Олар кез келген бағытта, ең алдымен әскери бөлімшелер жоқ жерде мобильді жұдырықтай әрекет етеді", - деп түсіндірді Өтепов.

Ол 7 желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығы шыққанын, одан кейін арнайы операция күштері құрлықтағы әскерлер құрамынан әуе шабуылы әскерлері құрамына шығарылғанын айтты.

Еске салайық, 19 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштері қолбасшылығын құру туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. Айта кетейік, дәл осы күні елімізде қорғаныс министрі ауысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети