Қазақстанда қантқа байланысты дүрбелең туды

Қазақстандықтар қантқа байланысты дүрбелең туғызды. Кейбір дүкендерде сөрелер босап, кезек пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар қантқа байланысты дүрбелең туғызды. Кейбір дүкендерде сөрелер босап, кезек пайда болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мысалы әлеуметтік желіде Қарағандыдағы дүкендердің біріндегі видео тарады. Видеода адамдар қантқа таласып, ұрсысып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КАРАГАНДА SKANDAL_KRG (@skandal_krg)

ekaraganda.kz мәліметінше, кейінгі екі күнде облыс орталығында қант сатылымы бес есе артқан. Алдағы күндері сөрелер қайтадан толтырылады.  

Қарағанды облысы әкімдігі тұрғындарды дүрбелең тудырмай, сабыр сақтауға шақырды. 

"Бүгінде күн сайын жеткізу жүріп жатыр, жұмыс режимі бойынша. Ай басынан бері коммерциялық қоймаларға  2 240 тонна тауар түсті. 18 аурызға қарай тағы 1500 тонна тауар келеді. Қоймаларға күн сайын тауар әкелінеді. Ол үшін қаржы ресурсы мен коммерциялық келісімдер бар", - деді әкімдік өкілдері. 

Дәл осындай жағдай Атырауда да байқалған. Қалада қант бағасы өсіп кеткен, ал кейбір дүкендерде мүлде жоқ. 

Ал Оралда екінші күн қатарынан дүкендер мен базарда қант жоқ. Ірі супермаркеттерде кезек. 

Қант тапшылығы проблемасы Көкшетауда да байқалған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Щучинск | Казахстан 🇰🇿 (@shchuchinsk_life)

Елдегі қант тапшылығы проблемасына сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ жауап берді. Оның айтуынша, бүгінде елде қант тапшылығы жоқ.

"Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни "үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады" - деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз", - деді Әлішер Өмірзақ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro