Қазақстанда қар жауып, аяз түседі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қар жауып, аяз түседі Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

"Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 18, 19 және 20 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

"Атлант циклоны республика аумағы арқылы өтіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі, солтүстік өңірлерде боран соғып, көктайғақ байқалады. Тек оңтүстік-батыста, сондай-ақ 19–20 қарашада шығыс өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", — деп хабарлады синоптиктер.

Ел бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Метеорологтар мәліметінше, ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.

"Тек шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы –6…–23 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз термометр бағаны +2…+10 градус жылыны көрсетеді", - деп толықтырды "Қазгидромет".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети