Қазақстанда қар жауып, аяз түседі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қар жауып, аяз түседі Фото:depositphotos.com

Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет синоптиктері 6, 7 және 8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде бұрқасын болады. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның батысына қарай жылжитын арктикалық антициклон температураның айтарлықтай төмендеуіне себеп болады.

"Осылайша, солтүстік-батыста 8 желтоқсанда 5-13 градус аяз, солтүстікте 10-15 градус аяз күтіледі, әрі қарай күн суытады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети