Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қар жауып, үсік жүреді Фото:depositphotos.com

"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидромет" синоптиктері 20, 21 және 22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қар, найзағай және жел

Метеорологтар мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына атмосфералық фронттар әсер етеді. Соған байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда 20 қыркүйекке қараған түні жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түнгі және таңғы уақыттарда Қазақстан бойынша тұман болжанып отыр.

Ауа температурасы қалай өзгереді?

Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер мен ауытқулар күтілмейді, алайда Қазақстанның солтүстік бөлігінде түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети