21 сәуір 2020 09:11

Қазақстанда карантин ережелерін қатаң сақтайтын қалалар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда карантин ережелерін қатаң сақтайтын қалалар аталды. Бұл туралы "Яндекс" сервисінде көрсетілген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Қазақстанда карантин ережелерін қатаң сақтайтын қалалар аталды. Бұл туралы "Яндекс" сервисінде көрсетілген, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жобаның парақшасынан кез келген уақытта әлемнің ірі қалаларына қатысты мәліметтерді көруге болады. Индекс белгісі жоғарылаған сайын ол елді мекен оқшаулану ережесін қатаң сақтайтынын білдіреді. Индекс белгісі 0 болса - көшеде халық көп жүр деген сөз, ал 5 болса, көшеде ешкім жоқ деген сөз.

Бұл жолы Нұр-Сұлтанның индексі 2,9 болды. Алғашқы үштікке де кіре алмады. Көкшетауда да дәл осы көрсеткіш. Мұнда қоғамдық көлік мүлде жүрмейтінін айтып өту керек. Өскеменнің де индексі 2,9 болып тұр.

Ал Шымкент тұрғындарының карантин ережелерін қатаң сақтайтыны белгілі болды. Алматылықтардың индексі 3,5 екен. Тізімде көш бастап тұрған қала - Қарағанды. Мұнда оқшаулану индексі - 3,6.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! .

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети