17 ақпан 2022 | 21:41

Қазақстанда карантин жеңілдейді: елге қайтқандар ПТР тапсыруға міндеттелмейді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстан аумағында бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шаралары жеңілдейді. Енді Қазақстан азаматтары елге кірер кезде ПТР-сынама тапсыруға міндеттелмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан аумағында бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шаралары жеңілдейді. Енді Қазақстан азаматтары елге кірер кезде ПТР-сынама тапсыруға міндеттелмейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілеме жасап.

Бүгін, 17 ақпанда премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бизнес пен тұрғындарға қатысты шектеу шараларын жеңілдетуді мақұлдады.

Бизнес үшін:

  • Ashyq бойынша "жасыл" және "көк" мәртебесі бар адамдар үшін (келушілерде) эпидемиологиялық қатердің "жасыл" және "сары" аймақтарында – шектеусіз, "қызыл" аймақта – толымдылығы 70 пайызға дейін шектеумен (әлеуметтік қашықтықты, маскалық режимді, күшейтілген сан-дез режимін сақтау) рұқсат етіледі:
  • (азық-түлік емес), сауда алаңы 6000 шаршы метрден асатын сауда желілерінің (азық-түлік), бассейндердің, ойын, түнгі клубтардың, караоке қызметіне;
  • (банкеттер, еске алу), конференциялар, форумдар, ойын-сауық, ұжымдық құлшылық ету және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шаралар өткізуге;
  • балалардың ойын-сауық орталықтары, лотерея клубтары мен букмекерлік кеңселердің толымдылығына қатысты шектеулер алынып тасталды.
  • эпидемиологиялық қауіп аймағына қарамастан ("қызыл", "сары" және "жасыл") ұйымдар мен кеңселердің оффлайн режимде жұмыс істеуі үшін шектеулер (80 пайыз, 50 пайыз және 30 пайыз) алып тасталды.

Тұрғындар үшін:

  • егер екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан аспаса, ревакцинация немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған ҚР азаматтары үшін елге кірер кездегі міндетті ПТР-тестілеу тоқтатылады;
  • ПТР тестінсіз вакцинация паспорттарын өзара мойындайтын шетел азаматтарына елге кіруге рұқсат етіледі;
  • ауру белгілері болмаған жағдайда науқаспен байланыста болған адамдарды үй карантиніне оқшаулау тоқтатылады (Ashyq жобасынан "сары" мәртебесін алып тастау).

Pfizer вакцинасын қолдану рұқсат етіледі:

  • (барлық топтағы мүгедектер) мен 50 жастан асқан адамдарға ревакцинациялау кезінде;
  • (барлық топтағы мүгедектер);
  • (екінші доза) аяқтау үшін рұқсат етіледі.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, ол үшін мамлекет вакциналардың жеткілікті санын бөлді. Сонымен қатар, жергілікті жерлерде Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажет екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети