24 мамыр 2022 | 11:42

Қазақстанда карантин кезінде бала туу көрсеткіші жоғарылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстанда бала туу көрсеткіші жоғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EnergyProm мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда бала туу көрсеткіші жоғарылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі EnergyProm мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, бала туу көрсеткішінің жоғарылауы 2020 жылы басталған. Осы жылы елде 426,8 мың сәби дүниеге келген.

"2021 жылы бұл рекорд жалғасын тапты. Бұл жылы жаңа туылған нәрестелер саны бірден 446,5 мыңға жетті. Ал биылғы жылдың үш айында 95,6 мың туу туралы куәлік тіркелді, яғни 2022 жылы да туу көрсеткіші жоғары болады", - делінген хабарламада.

2021 жылы туу коэффициенті жаңа рекорд орнатты: 23,5, яғни 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туылған нәрестеден келеді. Ал жиырма жыл бұрын коэффициент тек 14,91 болған.

"Сонымен қатар, туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті, яғни бір әйелде орта есеппен 3-тен көп бала бар дегенді білдіреді. Мұндай рекордтық көрсеткіш Қазақстанда соңғы екі жылда ғана тіркелді. 1999 жылы коэффициент бар болғаны 1,8 болған, яғни әрбір қазақстандық тіпті екінші баланы дүниеге әкелмеген еді", - деп мәлімдеді мониторингтік агенттікте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети