12 шілде 2021 19:38

Қазақстанда карантин талаптары қатаңдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия қызыл аймақтағы аймақтарда карантиндік шектеулерді күшейту шараларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ведомствоаралық комиссия қызыл аймақтағы аймақтарда карантиндік шектеулерді күшейту шараларын қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мына мекемелердің жұмысын тоқтатуды тапсырды:

  • Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қалааралық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары;
  • жабық жағажайлар мен аквапарктер қызметі.

Сондай-ақ, демалыс және мереке күндері мына қызметтерге тыйым салу туралы шешім қабылдады:

  • қоғамдық көлік;
  • Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері;
  • Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер;
  • Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, кинотеатрлар, театрлар, концерт залдары, филармония, компьютерлік клубтар, боулинг, бильярд, караоке, көрмелер;
  • Ashyq жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу жөніндегі объектілерді;
  • Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, спорт объектілерін (спорт кешендерін, спорт мектептерін, спорт клубтарын, жаттығу залдарын);
  • білім беру орталықтары, балалар мен ересектерге арналған үйірмелер, балалар даму орталықтары;
    Ashyq жобасына қатысатындарды қоспағанда, фудкорт.

Жұмыс күндері мына қызметтерді шектеу тапсырылды:

  • Ashyq жобасына қатысатын фитнес-орталықтар, фитнес-клубтар, йога-орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, сауналар, SPA-орталықтар, спорт объектілері, бассейндер 20.00-ге дейін;
  • СОСО, сауда үйлері, сауда желілері Ashyq жобасына қатысқанына қарамастан 18.00-ге дейін;
  • 20.00-ге дейін Ashyq жобасына, 18.00-ге дейін Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану объектілері, тамақ өнімдері.

Соңында вице-премьер мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирус инфекциясынан вакциналаумен қамтуды арттыруды нақты тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети