Қазақстанда қаржы пирамидаларынан келген шығын есептелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаржы пирамидаларынан келген шығын есептелді Midjourney

Жыл басынан бері ҚМА 20 миллиард теңгеден аса шығын анықталған, қаржы пирамидаларын құру және басқару деректері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері ҚМА 20 миллиард теңгеден аса шығын анықталған, қаржы пирамидаларын құру және басқару деректері бойынша 68 қылмыстық істі тергеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде 13 миллиард теңгеден аса қаражат өтелді. Бұл туралы ҚМА мен Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлесіп еліміздің 100-ден астам жоғары оқу орындары үшін ұйымдастырылған құқықтық мәдениет және қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі вебинар барысында белгілі болды.

"Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылып, шамамен 2 миллионға жуық қатысушы – әлеуетті салымшылар болған.

Биыл әлеуметтік желілерді талдау нәтижесінде қаржы пирамидасы белгілері бар сайттарға 11,7 мыңнан астам сілтеме бұғатталды", - делінген хабарламада.

Вебинар барысында қатысушыларға жинақтарын салу кезінде назар аудару қажет негізгі белгілер туралы айтылды:

  • тәуекелдерсіз және күш-жігерсіз жоғары табыс уәде ету;
  • жаңа клиенттерді міндетті түрде тарту;
  • интернетте белсенді жарнама жасау;
  • компанияның Қазақстан Республикасында тіркелмеуі немесе жақын арада тіркелуі;
  • заңдық сүйемелдеудің болмауы (шарттың болмауы немесе тараптардың міндеттемелерінсіз жасалуы);
  • салымдарды қолма-қол ақшамен, криптовалюта арқылы немесе банктердің қатысуы болмайтын төлем жүйелері арқылы қабылдау.

Айта кетейік, агенттікте қаржы пирамидаларының белгілерін тексеруге мүмкіндік беретін "Baiqa, piramida!" Telegram-боты іске қосулы.

"Егер Сіз немесе жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетіне тап болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүгінуді сұраймыз. Азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржылық ұйымдарға жинақтарын салмауға шақырамыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети