Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды: ҚМА мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды: ҚМА мәлімдеме жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырауда QazHome тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда QazHome тұтыну кооперативінің атын жамылып қаржы пирамидасын ұйымдастырған қала тұрғындары бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Аталған тұлғалардың заңсыз әрекеттерін ҚМА Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.

"Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік береміз деген желеумен қаржы пирамидасына ақша салу ұсынды. Соталды тергеп-тексеру барысында кооперативтің қызметіне 300-ге жуық салымшы тартылған, оның ішінде тек 35 адам ғана өтініш беріп, бұл өтініштер бойынша келтірілген шығын көлемі 49 миллион теңгеден асатыны анықталды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі бойынша, QazHome тұтыну кооперативінің басшылары кінәлі деп танылып, әрқайсы 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Құрметті азаматтар! Қаражатты инвестициялау кезінде компанияның сенімділігін тексеру қажет. Осы мақсатта "Baiqa, piramida!" телеграм боты жұмыс істейді. Сонымен қатар, ҚМА сайтында қаржы пирамидалар тізімі жарияланды. Сақ болыңыз және жинақтарыңызды күмәнді қаржылық ұйымдарға салмаңыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети